Поэзия падишасы: ақын Фаризаға Оңғарсыноваға арналған еске алу кеші

Фариза, Фаризажан, Фариза қыз,
Өмірде ақындардың бәрі-жалғыз.
Мұқағали Мақатаев

1 жүргізуші
Өзіңсіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,
Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.
Сен мықты, анау осал мен орташа-
Бәріміз бір аспанның астындамыз.

2 жүргізуші
Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,
Шайқаңыз осы өмірді жүріп мейлі.
Ойлаңыз, арзан атақ, түксіз ырыс,
Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді.




1 жүргізуші
— Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, мұғалімдер!

Бүгінгі іс-шарамызды көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың еске алу шығармашылығына арнап отырмыз. Фариза Оңғарсынова –күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ақын 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген.
2 жүргізуші
-Гурьев педагогикалық институтын бітіргесін мұғалім, кейін журналист ретінде танылған. Алматыға 70-ші жылдардың басында келген. Фаризаның негізгі әдеби мектебі, ортасы, өз бетімен оқу, іздену, талпыну болды.

«Ұстаз» өлеңі
Заводта болсаң, күнбе-күн
Көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
Сырқаулы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің
Өзгеше тіпті басқадан:
Ол – өзін арнап ел үшін
Осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам – елдің тірегі,
Байлығы туған халықтың,
Шапағын шашар үнемі.
Көгінде тұрған жарық күн.
Сан жастың қамын шертесің,
Тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
Үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
Шәкіртсіз –мір-сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
Бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
Әр сәтің тұрған бір ерлік!
1 жүргізуші
-Фариза – лирик ақын. Ол адам жанының, табиғат жүрегінің жыршысы. Ол өзі өскен өлкесін жыр құдіретіне бөледі. Кезекті өлеңдеріне берейік.

Презентация
Қазақ биі
2 жүргізуші
-Айдана, Фариза ақынның қандай ерекше қырларын білесің?
1 жүргізуші
-Ақындық, ұстаздық, жазушылық, аудармышылық
2 жүргізуші
-Олай болса сөз кезегін Фариза апамыздың өлең жолдарына берейік

«Теңіз жағасында» өлеңі




1 оқушы
Тамаша ең, теңіз, неткен
Көктемнің кештерінде!
Келемін сені іздеп мен
Шабытың ескегін бер!
Тынбайтын шатырламай,
Бұл теңіз ерке еді бұрын.
Тып-тыныш жатыр қалай,
Қойған ба-ау тентектігің?

2 оқушы
Бірге өскен құрбы қыздай,
Толқындар сырлас мәңгі.
Ұйқысын тұрды бұзбай,
Құшақтап түнгі аспанды.
Алмайды жел де демін,
О да сәт көз ілген бе?
Мен ояу тербелемін,
Жүрек – қыз, сезім –жеңге.

3 оқушы
«Толқындар қалғыдың» деп
Сәулелер ойнап тұр мың.
Сонда мен сәл дірілдеп
Сен жайлы ойлап тұрдым….
Тәтті арман, ой көп менде,
Көз ілмей қонақ етем.
Қыз бала бой жеткенде
Қиялшыл болады екен …..

1 жүргізуші
Достарым, бүгінгі әдеби кешіміз Фариза апамыздың еске алу кеші. Орталарыңызда Фариза апамыздың өлеңдерін сүйіп оқитындарың бар ма?

Әсемгүл оқушы қыз
Менің есімім Әсемгүл. Мен он бірінші сынып оқушысымын. Біз отбасымызбен Фариза апамыздың поэзиясын сүйіп оқимыз. Бүгінгі кеште бір өлеңін оқып бергім келеді.

1 жүргізуші
Фариза Оңғарсынова есімін естігенде жыр сүйер қауымының бір елеңдемей қалғаны болған емес. Поэзияға келумен оның көркемдік әлемінен ойып алудың арасы жер мен көктей.

2 жүргізуші
-Мұның біріңшісі – бірталай қаламгердің еншісі болғанмен, ал екіншісі – сирек те болса шынайы таланттардың заңды ырыс-несібесі, ақындық тағдыры сыйлайтын бәсіресе-бағы, өзіне тиесілі сыбағасы.

Видеобейне

1 жүргізуші
-Фариза өлеңдері оқырмандардың жан азығына айналған қымбат дүние. Ол-мұғалім үшін тәрбие құралы. Көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық сияқты адамгершілік-азаматтық қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын .

2 жүргізуші
-Фариза жырлары кейінгі ұрпақты ар-намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туған жерді, адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті

«Фариза» әні




1 жүргізуші
-Махаббат, Туған ел! Бұл ұғымдар-ақын жырындағы ең қасиетті, ең қастерлі ерекше жалынды леппен жырланатын, асқақ шабыттарға толы сезімдердің тақырыбы. Оның өлеңдерінің барлығы ерекше

«Мені еркелетіңдер…….» өлеңі
Мені еркелетіндер –
Тым азып кеттім.
Жаутаңдап қалған жетімдей
Құлазып кеттім.
Асау жүрек те бұл шақта
Басылып қалды.
Арман жұлдыздар моншақтай
Шашылып қалды.
Мені еркелетіндер
Жүдеген сәттерде.
Жырақта қалсам жетіндер
Бір туған әпкемдей.
Сонда бір жасап қалайын
Бұлақтай толып.
Қайтадан сосын жанайын
Шырақтай болып.

«Туған жер……..» өлеңі
Туған жер, туған ауыл қымбат маған,
Ешкімге бұл сезімді былғатпағам.
Мен оның өзім ғана сезінетін
Қастерлі қасиетін жырлап бағам.

Ол жерге деген менде сөзім бөлек,
Жатпасын келгенімде өзімді елеп!
Ал оның қасиетін сезу үшін
Тек менің жүрегім мен көзім керек!

1 жүргізуші
Қыздардан ерлік қалған ба-
Құлай сүйсе де шектелген:
Сен алғаш сүйіп алғанда
Ашуланған боп кеткем мен.

2 жүргізуші
Фариза Оңғарсынова туған жер тақырыбын шығармаларына негіз еткен ақындардың бірі.

«Туған жер» әні




1 жүргізуші
-27 қаңтарда Фариза Оңғарсынова дүниеден өтті, республика жұртшылығы Қазақстанның халық жазушысымен қоштасты. Жыр падишасы Ақмола облысы Қабанбай батыр ауылындағы ұлттық пантеонға жерленді.

2 жүргізуші
— Фариза –мәңгілік ғұмыр. Халқының қадір-қасиетін ерекше тебіренткен аяулы қыздарының бірі. Өлең өлкесіне өзіндік өрнегімен келген ақынның жырлары ұрпақтан – ұрпаққа мәңгі жасайды.

1 жүргізуші
— Қадірлі қонақтар! Осындай жан дүниемізді байытатын, қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан Қазақстанның халық жазушысы Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.

Шолкубаева Райжан Муслипакызы, учитель казахского языка и литературы, Кушмурунская средняя школа № 121, п. Кушмурун, Аулиекольский район, Костанайская область