«Адам денсаулығы және рухани адамгершілік құндылықтар» кіріктірілген таңдау курсының бағдарламасы (авторлық)

«Адам денсаулығы және рухани адамгершілік құндылықтар» атты кіріктірілген курс өзін — өзі тану, биология, химия және қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда жүзеге асырылады. Аталған таңдау курсы 34 сағатқа негізделіп 8-9 cыныптарға арналған. Курс өзін-өзі тану, биология, қазақ әдебиеті пәндерінің Қазақстан республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізге алып құрастырылды.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру мүмкіндіктерін оқу пәндерімен ізгілендіру (кіріктіру, интеграция) арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерінің ғылыми негіздеуінде ғалымдардың пайымдауынша, рухани-адамгершілік жүйесі тек бір пәнмен шектелмей, бүкіл білім кеңістігін ізгілендіру құралына айналдыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе дей келе, кіріктіру ұстанымын жеке пәндердің, тәрбие істерінің құндылық мәнін күшейту мақсатында олардың рухани-адамгершілік білім мазмұнымен ықпалдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Демек, кіріктіру ұстанымының негізінде бүкіл білім беру ісі, оқу-тәрбие үдерісі рухани-адамгершілік біліммен ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндер мен гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі, әдебиетін кіріктіріп оқыту барысында және сыныптан тыс оқушылардың шығармашылық жұмыстары да жоғарыда аталған мәселені жүзеге асыруда өз үлесін қосары сөзсіз.

Бағдарламасы

Мұңайтбасова Күләш Хамитқызы, химия, биология, өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімі, С. Мұқанов атындағы №10 орта мектебі, Атырау қаласы