ДЕНІ САУДЫҢ ЖАНЫ САУ

Тақырыбы: «Дені саудың жаны сау»
Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру және еңбекке баулу.
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиеші: «Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы» — дегендей сәлемдесіп алайық.
Тәрбиеші: «Қайырлы таң, балалар!»
Балалар: Қайырлы таң !
Қайырлы таң құрметті қонақтар!
Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне мен,
Доспын енді сенімен.
Тәрбиеші балаларға жыл мезгілі туралы сұрақ қояды.
Тәрбиеші:
— Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
— Күз мезгілі.
— Күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?
— Суық болады, жамбыр жауады , ағаштардан жапырақтар түседі.
— Суықта тоңып ауырып қалмас үшін не істеу керек?
— Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.
— Ал дәрумендерді қайдан аламыз?
— Көкөністерден, жемістерден.
— Жемістер қайда өседі?
— Жеміс-жидектер ағаштарда өседі.
— Көкөністер қайда өседі?
— Бақшада өседі.
— Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетімізде, көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз.
— Балалар мына суреттердегі жемістерді атаңдаршы? /көрсету/
— Ал енді көкөністерді атаңдар?
— Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп.
Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.
/Тұмау келеді/
/Балалар бет перде киеді./
Тұмау:
— Сәлеметсіңдер ме, менің әлсіз де, кішкентай балаларым. Мен тұмау деген патшаларың боламын. Сендер мені тостыңдар ма? Мен жеміс-жидектерді жумай жегенді жақсы көретін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.Сендерге жемістерді алып келдім.
Тәрбиеші: Біз сені күткен жоқпыз, әрі шақырған да жоқпыз. Біздің балалар жемістерді жақсылап жуып жейды .
Барлық балалар:
— Ия! – Ия!
Балалар жемістерді жуады.
Тұмау:
— Сендер менімен қалай күресу керек екенін біледі екенсіңдер! Мен сендермен дос болғым келеді. Дос болмасаңдар сиқырлап тастаймын.
Бала: Біз сенің сиқырыңа сиқырланбаймыз, сенімен күресудің жолын білеміз,
бетперде киеміз, дәруменді көп жейміз. Денсаулығымыз күшті.
Тәрбиеші: Тұмау жаман ауру. Егер тұмаумен ауырып қалсақ, қаліміз қандай болады?
Басымыз ауырады, ыстығымыз көтеріледі, достарымызбен серуенге шықпай қаламыз.
міне көрдіңдер ме, тұмау жүрген жер жақсы емес. Біздер ауырып қалмас үшін не істеуіміз керек?
Балалар: Көкөністен жасалған тағамдар жеуіміз керек, жеміс-жидектен жасалған шырындар ішіуіміз керек, спортпен айналысуымыз керек, тазалық сақтау керек.
Тұмау: Сендердің көңіл күйлерің, денсаулықтарың да жақсы екен. Сендер таза ауада көп серуендеп, түнде жақсы ұйықтағандарың көрініп тұр.Деніміз сау болу үшін тағы не істеуіміз керек?
Балалар: дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек.
Дәрігер: Сендер қандай сергіту жаттығуларын білесіңдер? Маған көрсетіңдерші?
Сергіту жаттығуы:

Тұмау: балалар ауырманыздар ,сауболыныздар .

Тәрбиеші: Рахмет тұмау , біз енді көкөністермен жемістерді көп жейміз.
Балалар жемістермен көкөністерді атайды.

Есекеева Анжела Кенжетаевна, тәрбиеші, МКҚК «Салтанат» балалар бақшасы