СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті барысында қолдана алуларын сезіндіру. Көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Білімділік міндеттері:
— санамақтар, мақал – мәтелдер, ауызша есептер шығаруға баулу;
— 1 – ден 10 – ға дейінгі сандарды үш тілде тура және кері санауға, геометриялық пішіндерді ажыратып білуді қайталау;
— әріптерден бір және екі буынды сөздерді құруды қайталау;

Дамытушылық міндеттері:
— есте сақтау, ойлау қабілеттерін санамақтар, мақал – мәтелдер, ауызша есептер шығару арқылы дамыту;
— қойылған сұрақтарға толық жауап бере отырып, байланыстыра және дауыс ырғағын келтіре отыра өзінің көңіл – күйін көрсете білуін дамыту.
Тәрбиелік міндеттері:
— қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ жоспары

Елеуп Айнур Кизатовна, тәрбиеші, МКҚК «Айнагүл» бөбекжай-бақшасы, Преснов селосы, Жамбыл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы