ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ

Мақсаты: Әдептілік нормалары мен қоғамдық ортаның мәдени дағдыларын оқушыларға ұғындыру, түсіндіру. Оқушыларды үлгілі және тәрбиелі әдеп талаптарын орындауға шақыру, ынталандыру.

Көрнекті құралдар: суреттер, нақыл сөздер, тақпақтар,сұрақтар, интерактивты тақта.

Сабақтың барысы:
1. Мұғалімнің бастау сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
«Әдептен озбайық» ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Әдепті болу –
әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді. Адам – қоғамда: адамдар арасында өмір сүреді.Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс.Сыртқы келбет пен жүріс-тұрыс оның барлық әдептілігін көрсете білмейді. Адамның ішкі әлемі мен оның пайда болуын қосатын көпір — әдептілік деп аталады.
2. Әдептілік – адамның қоғамдық ортаға сай қалыптасқан тәрбиесі. Қоршаған ортаны сыйлау — әдептіліктің болмысы. Әдептіліктің түрлері: оқушылар постер құрап, қорғайды.
— қызметтес (іскерлік) — педагогикалық
— дипломатты (елшілік) — дәрігерлік
— әскери — әр түрлі ортадағы әдептілік
Сыйластық ережелері әдептілікпен тығыз байланысты. Егер сен сыпайы адам болсаң:
— өзгелерді ренжітпей тұрып өз қасиетіңді ұстай білуді үйренсең;
— өзге сөзге араласпауды; — мұрныңды тыржитпауды;
— шуламауды; — іштей күбірлемеуді;
— шалбарыңнын балағымен аяқ киімді сүртпеу;
— тәрбиесіз адамнан өнегелі адамды ажырата алуды үйрену.
3.Әр түрлі сұрақтар: (оқушылардың әдептілік ережесі туралы білімдерін тексеру)
1. Сыпайылық деген не? (Сыпайы болу: өзін ұстауды білу; өзінің қоршаған ортасына сыйластықпен қарау).
2. Жақсы әрекеттерді ата. (Жақсы әрекеттер: салмақтылық, ұстамдылық,өзінің әрекеттерін басқара білу, адамдарға дұрыс қатынас жасау).
3. Көпшілікке енген кезде кім бірінші сәлемдеседі? (Ең 1-ші көпшілікке кірген адам өзгенің жынысына, жасына қарамай сәлемдесуі керек).
4. Кім кімді басқарады? (Кішіні – үлкен, ер адам — әйел адамды, аз білетінді – көп білетін).
5. Тұрған немесе жүрген адамның қайсысы бірінші сәлемдесуі керек?(Жүрген)
6. Танысқаннан кейінгі айтылатын сөздердің нұсқауларын ата.
(Өте қуаныштымын! Сізбен танысқаныма қуаныштымын!).
4. Әдептілік туралы тақпақтар айту: оқушылар такпактарды еске тусиріп сайысады, айтысады(топпен жұмыс)
Әдептілік дегенің Атам маған әмәнда
Әрқашанда керегің Кішіпейіл бол деген
Әсемпаздық дегенің Атам сөзі санамда
Әуре-салсаң әлегің Мақтанбауды жөн көрем.
Ата салтын білмеген. Білімді боп бәрінің
Өсе берсін ертеңі – ай.
5. Әр түрлі жағдайларды аңықтау ойыны. (әдепті және әдепсіз қылықтарды ажырату суреттер арқылы; түсіндіріп кету).
6. Көріністер: «Қария мен оқушылар»(әдепті ж/е әдепсіз жағдайды көрсету).
7. Ән: «Асыл әжем».
8.Көрініс: «Сәлемдесу» —
«Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді деген өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, әдептілік, көрегенділік болады.
Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол әдепсіздік көргенсіздік болады.

9.Көрініс: «Әке мен бала».
Бүгін ұстаздар да мерекесі. Біз ұстаздарды мерекелерімен құттықтаймыз.
10). Көрініс: «Оқушылар мен мұғалім».
11). Ойын «Кім көп біледі?» (Нақыл сөздерді жалғастырып жазу; түсіндіріп кету).
1. Үлкенге сәлем бер, жолын ……………. өтпе. (кесіп)
2. Жаман дағдыдан …………….. бол.(аулақ)
3. ………………. адамдардан алыс жүр. (жаман)
4. Біреуді жамандама, өзіңді жамандаған адаммен дауласпа, …………… . (жауласпа)
5. Өтірік, өсек айтпа және айтушыларды ………………….. . (тыңдама)
6. Ата-анаңа әдеппен сөйле, құрметте, айтқан сөзін ……………… . (орында)
7. Өзіңді кім сыйласа, оны сен де сыйла, құрмет ………….. . (көрсет)
8. Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей ………………. . (өтпе)
9. Ата-анаңа, ұстазына, жетекшіңе ажырайып ……… , қатты ………. . (қарама, сөйлеме)
10. Ұрлық, күш жұмсау, біреудің мүлкін, үйін өртеу, зорлық өте ауыр ……….. . (күнә)
12). Би: «Қара жорға».
— Балалар біз бүгін бойымыздағы жаман қасиеттерді алып тастауымыз керек. Тек жақсы қасиеттерді алуымыз керек, себебі әдепті бала болашақта жақсы, үлгілі азамат болады;
және қойылған мақсаттарына тез жетеді.Әдептілікті, жақсы қасиеттерді неге теңеуге болады? (күнге, ашық аспанға). — Аспан ашылған соң не шығады?
13).Кемпірқосақ.. (Кемпірқосақтарға сыпайы сөздер жазады: кешіріңіз, рахмет, рұхсат па?, жарайды, саламатсыз ба?, өтіңіз?, қош келдіңіз!, айып етпеңіз!, өтінемін! т.б.).
14). Қорытынды: Эссе жазу (топтық жұмыс) Әдепті бала қандай болу керек?(томендегі сөздерді қолдану)

Абдикенова Нургуль Наурзбаевна, учитель русского языка и литературы, Жамбылская средняя школа, п. Караменды, Наурзумский район, Костанайская область