АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Елбасы өз Жолдауында білім беру жүйесін жаңғырту керектігін, яғни оқыту үрдісінде қазіргі заманғы әдістемелер мен техноголияларды енгізу қажет екендігін атап айтты. Сондықтан, біз инновациялық оқуды тәжірбиемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өзбетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты даярлауымыз керек. Оқушылардың таным белсенділігі мен ойлау қабілетін арттыру үшін қазіргі кезде кең тарай бастаған «сын тұрғысынан ойлау технологиясын » қолдануға болады. Бұл технологияның түпкі мақсаты – білімге құштар, ой- өрісі дамыған ашық қоғам азаматын тәрбиелеу. Ол үшін төмендегідей қағидаларды берік ұстанамыз: оқушы мен оқытушы арасындағы тепе- теңдік жағдай, екі тұлға да үйренушілер; олардың арасындағы өзара сыйластық, бір- бірінен үйренудегі және бірін- бірі үйретудегі көмегінің маңыздылығы;оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу; ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру; сабақта шешуші рөл оқытушы емес, керісінше оқушы екендігі туралы пікір қалыптастыру; әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін бүгінгі және ертеңгі нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикасына мониторинг құру.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы кезінде қолданылатын стратегияларым:

-Инсерт (INSERT. interactive notion system effective reading thinking)
-Кластер
— «Жуан» және «жіңішке» сұрақтар кестесі
-«ИДЕАЛ» “I” Identify a problem, “D” Debate a problem, “E” Essential solutions “A” Activity, “L” Logical conclusions
-эссе
-венн диаграмасы
-кубизм стратегиясы

Бұл стратегияларға нақты тоқтала кетсем:
Топтастыру (кластер) стратегиясында мәтіннің мәнін білдіретін бірліктерді жекелеп, белгілі бір ретпен сатылаған түрде графикалық бейнелеу жүктеледі. Әр түрлі жазулар арқылы оларды категорияларға біріктіріп, ерекше бөліп орналастыру арқылы кез келген нәрсені есімізде сақтаймыз. Сатылау- материалды жүйелеудің графикалық әдісі. Біздің ойларымыз қабаттаспай, сатыланып, белгілі ретпен орналастырылады. Топтастыру оқушылардың жазбаша жұмыс кезінде ойлары таусыла бастағанда көмекке келеді. Ол жай жазбаша жұмыс жасау кезіндегіден көп мәліметтер алуға мүмкіндік береді, ойды жинақтап, тақырыпқа деген оқушылардың қызығушылығын арттырады. Алдымен, әр оқушы өз ойын дәптерге жазады, жұппен, топпен талдайды. Әр топтан бірнеше сөздерді тақтаға жазып, соңынан оны топтайды.

Түртіп алу жүйесі (инсерт) – оқушыларға дайын мәтін беріледі, оқып отырып «Білемін», «білетінім сәйкес келмеді», «Мен үшін жаңа», «Тереңірек білгім келеді, түсініксіз» деген бөліктері бар кестені оқушылар толтырады. Кестені толтырып болған соң, олар топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз жерін түсіндіремін немесе кітапханадан, ақпарат құралдарынан үйге тапсырма беремін. Бұл стратегияның басты ерекшелігі мен өз оқушыларымның нені толығырақ түсінгісі келетіндігін, неі білмейтіндігін саралай аламын.
“ Жіңішке ” және“ Жуан ” сұрақтар кестесі- бұл стратегияны сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады. Оқушыларға жуан және жіңішке сұрақтарды құрастыруды тапсырамын. «Жіңішке» сұрақтар дегеніміз жауабы бір ғана сөйлемнен тұратын қарапайым сұрақ. «Жуан» сұрақтар дегеніміз толық жауапты қажет ететін сұрақтар. Бұл стратегияда топпен немесе жұппен бірге жұмыс жасап өз сұрақтарын сыныпқа қояды.
“Thin” questions “Thick” questions
Who…?
What …?
When…?
Where…?
Was it…? Why…?
Why do you think that …?
Was his\her choice right or wrong to your mind?
What is the most important idea of the story?
If you were… would you…?

Эссе – стратегиясы арқылы да оқушылардың ойлау білігін арттыруға болады. Эссе жазу деп берілген тақырыптың ішкі сыртын терең түсініп, өз пікірін, ойын дұрыс жеткізіп, сабақта берілген тезистерді аргументтермен бекітіп, оқылған тақырыптың негізгісін көркемдеп жазып және сол арқылы өмір, болмыс сырын қалай түсінетіндігі жайында ойын ашық білдіреді. Бұл стратегияны өз сабақтарымда жиі қолданамын себебі эссе жазу барысында оқушы ізденеді, сөздік қорларын толықтырады, жазу мен ойлау қабілеттерін бірге дамытады.
Венн диаграммасында екі затты алып салыстырады.Ағылшын тілі сабағында үнемі ағылшындар мен қазақтардың салт – дәстүрін салыстыру,спорт пен оқу жүйелерін, жастары мен географиялық жер ерекшеліктерін салыстыру олардың әр қайсысының өзіне тән қасиеттері, ұқсастықтары жайлы бір бөлек диаграмма түрінде анықтау тапсырмалары болады. Венн диаграмасын қолдану нақты мәліметтердің ұқсастықтарымен айырмашылықтарын анықтауға және есте сақтауға көмектесетін тәсілдердің бірі.
Кубизм стратегиясында кубик жасалып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Оқытушы кубты ортаға лақтырып, қай қыры түссе, шәкірттер сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының нәтижесінде сабақ процесінде
оқытушы мына нәтижеге қол жеткізеді:

— жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
— оқушыны басқа жақтарынан таниды;
— өзін жетекші, бағыттаушы ретінде таниды;
— сыныпта жақсы атмосфера орната біліп, бірлескен жұмысқа қол жеткізеді;

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

— бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
— өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
— өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
-өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
-мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
-достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
-белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
— өз бетінше ізденуге үйренеді.

Хуанган Аягүл, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Калинин жалпы білім беру орта мектебі, Бұхар Жырау ауданы, Қарағанды облысы