АРМЫСЫҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!

Жүргізушілер топ тәрбиешілері:
Симомбаева Ардак Мухтаевна
Елеуп Айнур Кизатовна
Кейіпкерлер:
Аяз Ата – Саликова Аққу Аскенқызы
Ақшақар – Мухаметкалиева Асель Оразаевна
Аю – Тулегенова Айжан Хакимовна
Маша – Жумабаева Айнұр Ерденқызы
Жаңа жылдық әуенмен балалар залға кіріп, шырша жанына тұрады.
1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
2 жүргізуші:
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
1 жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті,
Уа, халайық той бүгін.
Бақыт, шаттық мол бүгін,
Қарсы алайық Ит жылын,
Ұзатып сап Тауықты.
2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! Біз сіздерді Жаңа 2018 ит жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап,
Қызық күлкі тыңдаңыздар!
«Маша мен Аю» мультфильмының әуені бойынша залға аю кіреді.
Аю: Мына шыршаны сәндеймін деп шаршаған екенмін. Мына шырша қандай тамаша да әсем болған екен.
Сол әуенмен залға Маша жүгіріп кіреді.
Маша: Ого! Қандай әдемі! (секіреді). Қандай тамаша!
Аю: Сен мұнда не істеп жүрсің?
Маша: Сені, мына отырған балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын деп келдім.
Аю: Рахмет. Ал біз Аяз Атаны тосып отырмыз.
1 Жүргізуші: Маша Аяз Атаны біз әр Жаңа жыл мерекесіне асыға, сағына күтеміз. Ол біздің балаларға сыйлықтарын ала келеді. Ал Қазір біздің балалар
«Аяз Ата мен шыршалар » биін билеп береді.
Тақпақтар:
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да. О.Нұрдәулет.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Маша: –А-а-а, жаңағы Аяз ата болды екен ғой!
Аю: — Қайда?
Аю Машаны қуып екеуі залдан шығып кетеді.
2 Жүргізуші: Міне, біздің ертегі кейіпкерлеріміз де кетіп қалды. Аяз Ата мен Ақшақар да жоқ. Кәне, барлығымыз айқайлап оларды шақырайық.
Хормен «Аяз Ата! Ақшақар!» деп барлығы бірге қосылып шақырады.
Әуенмен залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата:
Уа, жұртым, жиналға,
Көңілдерің дүр маржан.
Айналайын ұлдардан,
Айналайын қыздардан.
Аяз ата, Ақшақар,
Жетті жолдан қиналған.
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман.
Мықтылығым мәлім ғой,
Өтіп кеткен жылдардан.
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ата — аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Ит жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздердің бізге арнап дайындаған өнерлерің де бар шығар.
1 Жүргізуші: Әрине, біздің балалар тақпақ та, ән де, би де дайындады.
Ән: Қар жауды
Қар жауды, қар жауды,
Бақытты балашағы.
Қар қызы, қар қызы,
Ақшақарды жасайды.
Алтын шашты сүйкімді,
Ақшақар күн секілді
Алтын шашты сүйкімді,
Ақшақар күн секілді.

Сен сұлу, сен сұлу,
Көреміз ғажаптанып.
Қайырымды, қайран қыз,
Сені жақсы көреміз.
Алтын шашты сүйкімді,
Ақшақар күн секілді
Алтын шашты сүйкімді,
Ақшақар күн секілді.
Аяз Ата: Сендердің шыршаларыңның шамы неге жанбаған? Шыршаның шамын жағып, ойын ойнайық.
Аяз Атаның көмегімен балалар шыршаның шамын үрлеп, шапалақтап жағады.
Ойын: «Шыршаны безендіріп көр!» (ата – аналармен ойнатылады)
Ойынға 2 отбасы қатысады. Әр отбасы мүшелерінің қарындарына үлкен шар байланады.
Мақсаты: Жерге шырша ойыншықтары шашылады. Екі отбасы шыршаны (қарындарындағы шарды жарып алмай) тез арада безендіруі қажет.
Қорытынды: Ойын аяқталған соң Аяз ата мен Ақшақар көп ойыншық ілген отбасын жеңімпаз деп таниды.
2 Жүргізуші: Біздің балалар шырша туралы тақпақтар, қыздарымыз би де біледі. Айтып берсін, биді билеп берсін сіздерге.
Тақпақтар:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған. Абылай

Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса. Алдияр
Би: «Шыршалар» қыздардың орындауында.
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Өнерлі екенсіңдер!
Тақпақтар:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып. Данил

Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Аяз ата келіпті,
Тақпақ айтып беріңдер! Санжар

Қане, достар тұрмаңдар,
Дөңгеленіп зырлаңдар.
Жаңа жылдың бүгінгі
Қызығына тоймаңдар. Арсен

Аппақ қардай береке,
Даламызда самғасын.
Жаңа жылдай мереке,
Таба берсін жалғасын. Қыдырәлі
Аяз Ата: Менің сендерге бір ойыным бар. «Сиқырлы пойыз». Қане барлығың менің артымнан тұрыңдар. Мен пойыз боламын, ал сендер вогондар боласыңдар. Біз тоқтап, тоқтап жүретін боламыз. Дайынсыңдар ма? Кеттік!
Аяз Ата балаларды әуенмен шеңберді айналдыра жүргізеді. Тоқтап:
1. Тоқта! Шапалақ аялдамасы!
Әуенмен арықарай жүреді
2. Тоқта! Топыл аялдамасы!
3. Секіру аялдамасы!
4. Отырып-тұру аялдамасы!
5. Құшақтасу аялдамасы!
6. Орныңа отыр аялдамасы!- балалар орындарына отырады.
Аяз Ата: Жақсы ойнадыңдар. Тапсырманы жақсы орындайды екенсіңдер. Ой балалар, сендермен ойнаймын деп шаршап қалдым ғой. Кәне өздеріңнің өнерлеріңді көрсетуді жалғастырыңдаршы. Мен отырып дем алайын.
Тақпақтар:
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Ақша қарлар жаңа кеп,
Мерекені бастаған. Махаббат

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып. Дария

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды. Іңкәр
Ақшақар: Балалар, сендер қардан аққала жасайсыңдар ма? Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Ойын: “Аққала жасау”
Ойынға 5-еуден құралған 2 команда қажет. Барлығы 10 адам. Команда жетекшілері ата – аналардан.
Мақсаты: Берілген заттардан музыка ырғағымен аққала жасайды. Кім тез арада, әрі әдемі етіп Аққала жасаса, сол жеңеді.
Аяз Ата мен Ақшақар жылдам орындаған команданы атайды.
Ақшақар: Қандай тамаша ойын ойналды.
Би «Джентльмендер» ұлдардың орындауында.

Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Тақпақ айтқан балаға,
Сыйлықтарын беріп тұр. Даниал

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап. Архат

Ән: Жаңа жыл
Түн жетпейді тамаша,
Жаңа жылдың бар сәні.
Өлең айтып таласа,
Қуанамыз баршамыз.

Күлімдеген күміс қарды,
Ақ арманға байлаймыз,
Аяз ата, Ақшақарды,
Мәңгілікке қалаймыз.

Шыр айналып шыршаны,
Түрлі ойын ойнаймыз.
Ұмытқандай шыршаны,
Гүл шоғындай жайнаймыз.
Ақшақар: Ата біздің қайтатын уақытымыз болған сияқты.Сен балаларға манадан сыйлық берем дедің олар сенің сыйлығыңды тосып отырған сияқты. Сыйлықтарың қайда?
Аяз ата: Ой!!! Кәрі басым-ай! Балаларға арнап дайындаған сыйлықтарды қайда ұмытып кеттім? Менде сыйқырлы жіп бар ғой. Кәне, сол жіпті жіберіп көрейін.
Сен сиқырлы жібімсің,
Сыйлықты тауып бергейсің!
Әуенмен залға Маша мен аю кар кесегін домалатып кіреді. (ішінде сыйлықтар)
Аяз Ата: Сендер не домалатып әкелдіңдер?
Маша: Біз аю екеуіміз орманда сіздерді іздедік. Сіздерді емес, сыйлық толы қапшығыңызды тауып алдық.
Аю: Ияяя…
Маша: Барлық сыйлықтарды аңдарға тараттық. Ия, аю?
Аю: Ияяя…
Маша:Бос қапты сүйрей-сүйрей осындай қар кесегіне айналды. Аяз Ата, ал балалар сыйлықсыз қалама , не?
Ақшақар: Уайымдама, Маша. Менің атам сиқыршы, ол бірдеңе ойлап табады.
Аяз Ата: Жаңа Жылда небір таңғажайыптар болады ғой. Балалар сыйлықсыз қалмайды.
Сиқырлау сәті. Аяз Ата қар кесегін айналып өтеді де, таяғымен ұрып қалады.
Аяз Ата: Кәне, қызым, мына сыйлықтарды балаларға сыйлаңдар. Сонан соң ары қарай жолға шығайық.
Сыйлықтар таратылып, кейіпкерлер келген Жаңа Жылмен құттықтап, қоштасып кетеді.
1 — жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
2 жүргізуші:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…

Елеуп Айнур Кизатовна, тәрбиеші, МКҚК «Айнагүл» бөбекжай-бақшасы, Преснов селосы, Жамбыл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы