ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНУ

Халқымыздың тарихи мен салт – дәстүрлерін , асыл мұраларымызды біліп оны қастерлеу әрқайсымыздың перзенттік парызымыз . Халық педагогикасын оқу-тәрбие процесіне енгізіп , жас ұрпаққа ізгілікті тәрбие беру ең басты да маңызды міндетіміз . Ол – даналыққа толы мақал-мәтелдер , түн ұйқысын төрт бөлген ананың ыстық махабатқа толы әлдиі ,бесік жырлары , балдырғанның балдай тәтті тіліне арналған тақпақтар , жұмбақтар мен жаңылпаштар , қиял-ғажайып ертегілері мен жырлары , думаны мол балалық шақтың қызығы -ұлттық ойындар , мерекелер мен тойлар.

Халықтың салт –дәстүрлерін күнделікті ойын , сабақ , серуен , ертеңгілік ,
бақылау кезінде өткізген жөн . Балалар «Бесік жырын» өте жақсы көреді , қуыршақты бесікке жатқызып , осы өлеңді айтады . Сәбилерді ұйқыға жатқызар алдында тәрбиеші бесік жырын айтса , балалар шаттанып қалады .

Балалармен «Бесікке бөлеу» , « Тұсау кесу» рәсімін өткізгенде үлкен әжелерді
қонаққа шақырып , олардан салт – дәстүріміздің сырларын үйренуге болады .
Кішкентай бөбектерге арналған өлеңдер өте көп . Олардың ішінде біздің жиі қолданатымыз « Бесік жыры» , « Бала , бала , баладан» , « Біздің бала қайда екен» , т. б.

Бала , бала , баладан
Тауып алдық даладан .
Далада бала жата ма?
Түсіп қалыпты шанадан .

Әлди ,әлди ,ақ бөпем ,
Ақ бесікке жат бөпем .
Құлан қойды сой бөпем .
Құйрығына той бөпем .

Біздің бала қайда екен?
Асқар –асқар тауда екен .
Тауда не ғып жүр екен ?
Алма теріп жүр екен .

Бесік жырын балаларға үйрету үшін «Қуыршақты уату» дидактикалық ойынын ойнатқан жөн , ол арқылы балаға бесікті қалай жабдықтауға болатыны айтылып , көрсетіледі . Бұдан балалардың сөздік қоры көбейеді . Балалар төрлік , түбек , шүмек , қол бау , жөргек сияқты сөздердің мағынасын түсінеді , айтады . Сонымен қатар балаларға туыстық қатынас жөнінде түсініктер беріледі : әже , ата , нағашы , апа-жезде , аға – жеңге , бөле , жиен , т.б.
Айналамен таныстыру , сурет , жапсыру сабақтарында әр түрлі ою- өрнектермен таныстыру жұмыстарын өткізген орынды . Бұл сабақтарда балалар қошқар мүйіз , құс тұмсық , құс қанатты өрнектермен таныстырған соң , қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерімен таныстыру керек : шапан , тақия , сәукеле , қамзол , мәсі , етік , тон және т.б.
Топта «әсемдік» бұрышын ұйымдастырып , киім түрлері жөнінде альбом жасап , ұлттық балалар киімдерін тіккізіп мейрамдарда кигізіп отырса ол тіпті жарасымды болады . Осы жұмыстар арқылы біз балаларды әсемдікке , сұлулыққа , тазалыққа тәрбиелейміз .

Балабақшадағы бүлдіршіндерді ұлттық қасиетке баулуда кезінде ата-бабаларымыздың күнделікті тірлігінде пайдаланған тұрмыстық ерекшелігі
мол дүниелермен таныстырудың тәрбиелік мәні зор . Киіз үймен
таныстыруда ( айналамен таныстыруда) , киіз үй туралы өлең оқылып оның жабдықтары , олардың ерекшеліктері туралы мағлұмат беріледі . Сурет сабағында естиярлар тобының балалары киіз үйді оның есігін салады , ал жапсыру сабағында киіз үйдің босағаларын , маңдайшасын өрнектермен әшекейлейді .
Халқымыздың ұлттық тағамдары туралы ( шелпек , бауырсақ , қазақша ет , айран , шұбат және т.б.) айналамен таныстыру , тіл дамыту , сурет салу , жапсыру сабақтарында айтамыз . «Нан дасқарқанға қалай келеді?» . Нанның адам еңбегімен келетінін түсіндіріп , ертегілер , өлеңдер оқылып , диірменші , қырманшы , наубайшы , диханшы еңбектерімен таныстарамыз .
« Көктемгі егіс алқабы» суреті бойынша көктем , тұқым себу туралы әңгіме өткізіледі . Адам , жер , еңбек туралы мақалдардың мәнін түсіндіреміз :
Адам жерге нәр берді .Еңбек етсең ерінбей ,
Жер адамға нан береді . Тояды қарнын тіленбей .
Сурет салу сабағында балалар әр түрлі тоқаш , қалаш салады , ал мүсіндеу сабағында шелпек , бауырсақтар , тоқаштар жасайды .
Халқымыздың ұлттық аспаптары- домбыра , қобызбен таныстыру барысында балаларды Құрманғазы , Дина Нүрпеисова сынды атақты күйшілеріміздің
мұраларымен таныстыруға баса мән беріледі .
Халық педагогикасындағы асыл мұраның бірі табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілік және оны қорғауға қатысты өнеге болатынын мақал – мәтел , аңыз-әңгімелердің көптігі . Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие бұлақ» , « әулие ағаш» деп атап , көздің қарашағындай қорғап отырған .
Қарлығаш , аққу сияқты құстарды қасиетті санап , ұяларын бұздырмай , балапанын алуға , өлтіруге рұқсат етпеген . Балалармен саяхатта оларға құстарды таспен атуға , суды ластауға ағаштарды сындыруға болмайматынын үнемі айтып , ұғындырып отырған жөн .
«Су болмаса не істейміз?» деген тақырыптағы экологиялық сабақта , су болмаса тіршіліктің болмайтының әңгімелеп беру қажет , жұмбақ , мақалдар пайдаланып :
«Бұлақ көрсен , көзін аш» , «Гүлді үзбе», «Құмырсқаның илеуін бұзба» ,
«Атаңнан мал қалғанша , тал қалсын » , т.б. 22 наурыз – Дүниежүзілік су ресурстарын қорғау күні екенін Наурыз мерекесінде айтып , суды қалай қорғау керек екенін қайталап отыру керек , дем алуға барғанда , судың маңайын ластауға болмайтыны туралы ескертеміз .

«Құстарды қорғайық» атты жұмысқа ата-аналар белсеңді қатысып , қара-торғайларға әр түрлі ұялар ,торғайларға қыста жем салып қоятын астаулар жасады .
Жаңа жыл мерекесі алдында « Шыршаны қоғайық! » акциясы өткізілді .Әр түрлі плакаттар салынып , шыршалар жасалынды , акцияның басты мақсаты
«Бір күннің қызығы үшін тірі шыршаны қолданбайық » деп аталады . Ата-аналардың белсеңді қатысқанына балалар өте қатты қуанды .
Балаларға сәби кезіннен халық мұраларын , өз жерін қастерлеуді үйретсек , олардың ертең өз елінің нағыз азаматтары болып өсуіне қосқан үлесіміз зор болады деп ойлаймын.

Мейрамова Толкын Мухамеджановна, тәрбиеші, № 30 «Қайнар» балабақшасы, Астана қ.