МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

Бала-әрбір халықтың ,мемлекеттің болашағы . Мемлекеттің өзінің өскелең ұрпағына қандай қамқорлық жасап отырғанына қарап оның келешек қоғамының бет-бейнесін көруге болады. «Бала келешек жеке тұлға емес,ол осы күннің өзінде –ақ жеке тұлға . Балалар –бізді толғандыратын барлық сезімдер мен ойлардың бастауына негіз болатын тіршілік иелері , бұл бастауларға жетекшілік етуде нәзіктік пен мейірімділік таныту керек» (Януш Корчак)

Баланың барлық үлкендерге тән құқығы бар екенін адамзат баласы саналы түрде түсіне бастады .1924 жылы Ұлттар Лигассы Женева қаласында бала құқығы жайлы Декларация қабылдады . ал 19450жылы БҰҰ-ның құрылуымен балалар құқығын қорғау мәселесі халықаралық деңгейге көтеріліп , шынайы маңызды мәселеге айнала бастады . 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бала құқығы жайлы Конвенция қабылдады . Осылайша балалардың құқықтық қорғасын қамтамасыз ететін заңды механизм жұмыс жасай бастады .

Біздің мемлекетіміз де бала құқығын сақтау және қорғау бағытында нық қадамдар жасай бастады . Бала құқықтарын қамтамасыз ету , оның қызығушылықтарын қорғау барлық мемлекеттік , жеке , әкімшілік , соттық және заң шығарушы органдарда негізгі басымдықтардың бірі болып табылады .

Соңғы жылдары тәрбиенің түрлі бағыттарын жүзеге асыруда құқықтық тәрбиенің негіздерін түсіндіруді мектепке дейінгі кезеңнен бастау қажеттілігі туып отыр . Мұның себебі , адамдар арасындағы қарым-қатынаста кей жағдайларда моральдық нормалардың қалыпты сақталмауына орай көптеген құқық бұзышулық , өрескел қылықтар , мәдениетсіздік , тәртіпсіздік белең алып , қоғам қалыптасуына ,әсіресе бала тәрбиесіне кері ықпалын тигізуде.

Осыған орай , оқу- тәрбие мекемелерінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап , баланың бойында өзі , оны қоршаған адамдар ,табиғат , бүкіл әлем жайлы түсінігін қалыптастырып қана қоймай , осы дүниелердің заңды , құқықтық негіздері бар екендігін түсіндіріп , баланың өмір сүруге , ойнауға , демалуға , білім меңгеруге , емделуге , серуендеуге , өз ойын білдіруге құқылы және осы қызметтерді еркіндік , бостандық сипатта орындауға мүмкіндігі бар екенін түсінікті тілмен жеткізудің мәні зор . Осылайша , « Мен және басқалар» ,
« Мен және қоғам » , « Мен және табиғат » , « Мен және анам», « Мен және әкем» ,
« Мен және досым » ұғымдарының бастапқы түсінігін қалыптастыру жұмыстары жүзеге асады.

Баланы өзін жеке тұлға ретінде танып білуін, өзінің қоршаған әлеммен байланысын сезіне білуін , қоғамдық мораль нормаларын , құқықтық талаптарды орындай білуге баулу жұмыстары жүйелі ұйымдстырылған төмендегі іс-шаралар барсында жүзеге асырылуы мүмкін :
* күн тәртібі кеззеңдерін ұйымдастыру барысында;
* ұйымдастырылған оқу іс –қызметінде барлық салаларын өткізу барысында;
* әдістемелік шыңдалуға байланысты бірлестіктер отырыстары , семинарлар , байқаулар , кеңестер барысында ;
* ата-аналармен ынтымақтастық арқылы .

Балаға қарапайым құқық пен бостандық , адамдар арасындағы сыйласымдылық пен төзімділік қасиеттер жөнінде түсінік қалыптастыруымен қоса , оларды іс-тәжірибеде де қолдана алуына жағдай қалыптастыру керек . Құқықтық тәрбиенің негізі қалыптасқан бала сезімдері мен эмоциясын бақылай және бағыттай білуге үйренеді .Мектеп жасына днйінгі балаларға құқықтық тәрбие беруде ойын , бейнелеу қызметі , өнімді еңбек , рөлдік , театрландырылған дидактикалық ойындар ,эмоциялық қызметін дамытуға арналған жаттығулар , ұжымдық істерді ұйымдастыруда инновациялық әдістерді қолдану кез-келген тәрбиеші –педагогтан шығармашылық ізденіс пен кәсіби құзіреттілікті талап ететіні сөзсіз .

Құқықтық тәрбиеге бағыттайтын ұйымдастырылған оқу –іс-қызметінде көрнекілік , құқық ұғымын иллюстрациялайтын ертегілер мен тақпақтар, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды қолдануға болады . Балаға адам құқықтарын ертегі кейіпкерлері арқылы таныстыру кезінде саө болу керек , себебі ертегілерді кейіпкерлердің қызметтерді мүлдем басқаша бағаланады . Құқықтық тәрбие жүйесінде өз құқығын білу . өзіне және өзгеге құқықтық негізді баға беру тәрбиеші тарапатынан дұрыс жеткізілмесе , баланың титықтауы , жағымсыз образды ақтауы туралы ой қалыптасуы мүмкін .

Осы орайда , тәрбиеші-педагогтардың құқықтық тәрбие жайлы еңбекке сүйене отырып және өз шығармашылық ізденістері негізінде мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында құқықтық тәрбиенің негіздерін қалыптастыруға мүмкіндігі туады деп ойлаймыз .

Мектеп жасына дейінгі балаларға құқықтық тәрбие беру педагогтарға төмендегі мендеттерді шешуге көмектеседі :
1. Балалардың құқықтық құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті білім-білік дағдыларымен , құндылықтарымен қамтамасыз ету .
2. Баланың өзіндік «Менің» дамыту.
3. Балалардың бойында әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру, өзін және өзгелерді түсінуге және құрметтеуге тәрбиелеу.
4. Қарым-қатынастың зорлық-зомбылықсыз үлгісін ұстана отырып әртүрлі өмір сүру жағдайларында қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
5. Өзінің және өзге адамдардың іс-қызметін саралауға бағытталған жан-жақты байсалды (адекватты) баға беру қабілеттерін арттыру.
6 . Балаларды отандық , этномәдениеттік және ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі балаларға құқықтық тәрбие беру ең алдымен тәрбиеші-педагогтар мен ата-аналарға құқықтық тәрбие беруден басталып , әртүрлі формада ұйымдастырылған білім көтеру қызметтері арқылы жүзеге асады.
Құқықтық тәрбие берудегі тәрбиелеу-оқыту үрдісінде төмендегі әдіс-тәсілдер қолданылады:
* Ережелі ойындар (сюжетті-рольдік, сөздік ,қозғалмалы, әуенді)
* Жағдаятты жобалау және саралау.
* Импровизациялау ( суырып салу , тез ойластыра қою т.б.)
* Тақырыптық сурет салу .
* Әңгімелер .
* Өнімді еңбек : аппликация , жапсыру , құрастыру .
* Үлгі негізінде шығармашылық қызмет ету .
* Техникалық оқыту , көрнекті құралдары , өнер туындыларын қолдану .
* Сахналау .
* Ойыншықтармен ойнау .
* Белгі-схемаларлы қолдану .
Ұсынылып отырған әдіс-тәсілдер мектерке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің :
— өз пікірлерін қалыптастыруға ,оны ортаға салудан қарықпайға ;
— өзгелерді тыңдауды және естуді үйренуге ,оның пікіріне құрметпен қарауға ;
— күнделікті өмірдегі да-дамайлы мәселерді құқықтық әдіс-тәсілдермен шеше білуді үйренуге көмектеседі.
Баланың сана-сезімін дамытудағы педагогтың рөлі төмендегідей :
* балаға оның жеке қасиеттері мен мүмкіндіктері жайды мағлұмат беру ;
* баланың іс-қызметі мен өзін-өзі ұсатуын бағалау ;
* жауапкершілік пен құқықтық арасындағы айырмашылықты түсіндіру ;
* баланың болашақта өзін-өзі бағалауына көмектесетін жеке бас құндылықтары мен эталондарын қалыптастыру ;
* баланы өз қызметтерін саралауға және оны басқа адамдардың іс-қызметтерімен салыстыра білуге жетелеу .
Баламен қарым-қатынаста ересек адамның педагогикалық ізеттілігі талаптан шығу қажеттілігіне емес , оң көзқарас пен мейірімділікке негізделуі керек . Педагогтармен қарым-қатынас –баланың сана-сезімін дамыту үрдісін жүзеге асырудың ең негізгі объективті шарты , онсыз баланың жүзеге асыру мүмкін болмайды . Ересек адамның көмегімен баланың өзі туралы ой-пікірі мен көзқарасы , қандай да бір өзіндік бағалау жүйесі қалыптасады . Құқықтық білім беру бағдарламасы балаға деген қарым-қатынасты жолдастық , әріптестік бағыттағы толыққанды қарым-қатынас деп қарастырады .
Үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу-педагогтардың ғана емес , ата-аналардың да міндеті . Ересектердің негізгі міндеті — баланы заңды сақтауға ,
айналасындағы болып жатқан өзгерістерге бейқам қарамауға тәрбиелеу.
Ата-аналар өз балаларының заңды өкілдері болып табылады ,сондықтан олар балаларының қызығушылықтары мен құқықтарын қорғауы керек . Отбасы бала үшін , оның құқықтарының қорғалуы үшін жауапты . Сондықтан ата-аналарды БҰҰ-ның Бала құқықтары жайлы Конвенциясымен , педагогикалық ұжымының жұмыс бағытымен таныстыру мектепке дейінгі мекемеде құқықтық бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі Міндеттерінің бірі болып табылады .
Ата-аналарды құқықтық тәрбие беруге қатыстыра отырып ,педагогтар олардың бойында кішкентай балаларының құқықтарының кепілгері екендігі туралы берік ойды қалыптастырады .

Мейрамова Толкын Мухамеджановна, тәрбиеші, № 30 «Қайнар» балабақшасы, Астана қ.