Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «ЕҢЛІК-КЕБЕК» ЖӘНЕ «ҚАЛҚАМАН-МАМЫР» ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шәкәрімнің төл туындылары деп саналатын поэмалары «Еңлік –Кебек» және «Қалқаман-Мамыр». Екі ғашықтың махаббаты мен сол кездегі әлеуметтік мәселені суреттеген осы поэмаларда кездесетін тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды жіктеп, топтастыруды жөн көрдім. Шәкәрім – сөзді орайымен қолдануға айрықша көңіл бөлген ақын. Қарапайым сөзді тосын қырынан қолдану, бейнелі түрде жұмсау, оған астар бере сөйлеу – ақындық шеберлігінің салмақты қыры. Мәселен, «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы Мамырдың ажал алдында тұрған кезінде оның аузына «Екі қан ауыр болар бір өзіңе» деген сөз салса, Кебекті сипаттағанда «Жасы бала болса да жаны отты» деген бір қарағанда қарапайым тіркестерді қолданады. Ал осындағы «екі қан», «отты жан» тіркестері бейнелі образдылыған қоса жаңашылдық мәнге ие болып тұр. Поэмадағы фразеологизмдердің топтастырылуы:
1) Кейіпкердің іс- әрекетін көрсететін фразеологизмдер:
Қалқаман- Мамыр поэмасындағы фразеологизмдер: Мысалы:
 Жанын құрбан қылды
 Тілге келді
 Оққа басын байлады
 Кісі салды
 Мінезі қатты
 Жүрек ізі
 Іштен жану
 Жылы жүрек
 Төбеден ұру
Еңлік- Кебек поэмасындағы фразеологизмдер: Мысалы:
 Табан тиіп жүре алмау
 Сөз байласу
 Хабар салу
 Көз айырмау
 Түбіне жету
 Аттың терін құрғатпау
 Жанын салу
2) Діни ұғымдар мен ескі әдеп- ғұрыптарға байланысты жасалған фразеологизмдер:
Қалқаман- Мамыр поэмасындағы фразеологизмдер: Мысалы:
 Тағдыр қоспады
 Төбеден ұру
 Кетпе жатқа
 Жалғанға амандасу
Еңлік- Кебек поэмасындағы фразеологизмдер:Мысалы:
 Атын беру
 Жанын сайлау
 Бағы жанбау
3) Адамның ішкі психологиялық ерекшеліктері мен көңіл- күйін таныту мақсатында жасалған фразеологизмдер:
Қалқаман- Мамыр поэмасындағы фразеологизмдер: Мысалы:
 Мұқтаж емес
 Нұр жүрегі
 Сабыр қылды
 Қан шашу
 Жүз құбылды
 Үміт үзді
 Қайғы жеді
 Ырық бермей
 Обалына қалды
 Қаны қызбай
 Жанды қиды
Еңлік- Кебек поэмасындағы фразеологизмдер: Мысалы:
 Көңілі ауу
 Көзді байлау
 Күдер үзбеу
 Көзі қан жауу
 Көзі тесу
 Көз сүзу
 Көзі жету
4) Ақын тарапынан өзгеріске ұшыраған фразеологизмдер:
— Іштен тынып – іштен жанып
— Жалғанмен қоштасты – жалғанға амандасты
— Халі құрып жүре алмау – табаны тиіп жүре алмау
— Жанын беру – жанын сайлап
— Шын көңілден ұнату, қалтқысыз сүю- ындынымен ұнату .(«Ындыныңмен ұнатсаң, бер қолыңды») .
— жара байлауыш, жара таңғыш дегенді – таңу ету («Аузына жарасының таңу етті»)
— оққа ұшты дегенді – садаққа ұшты («Бабаңның бес баласы садаққа ұшты») деген тіркес түрінде берген.

Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмаларында фразеологизмдер әртүрлі сөз табынан жасалған.
— Есім тіркесті фразеологизмдер: еркек кіндік, еркек шора.
— Одағай тұлғалы тіркестер: А, құдай, сақтай гөр, Құдайға шүкір.
— Етістік тұлғалы тіркестер: іштен жану, хабар салу, сөз байласу,көзді байлау.
Поэмадағы вариантты фразеологизмдердің компоненттер құрамы төмендегідей:
А) Екі компонентті: обалы жібермеу, айла қылу, т.б.
В) Үш компонентті: ажалға бел байлау, т.б.
С) Төрт компонентті: қара қазан, сары бала.

Мукаева Индира Турановна, «Тұран» колледжі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Алматы қ.