ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ

«Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті…» Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігі анық. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде жалпы мектептер үщін, мұғалімдер үшін ең басты, маңызды мәселе: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. Жаңа оқыту технологияларының басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Баланы қызықтыра тәрбиелеп, басқару оқушының білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қасиеттерін ашады. Мәңгілік ел педагогы өзін-өзі ұстай білуі, ілтипаттылығы, алғырлығы, сөзге шешендігі, төзім мен сабырлылығы және жан-жақты болу қасиеттерімен қатар сенімді болуға тиіс.

Мәңгілік ел ұрпақтары ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту, ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу, жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға білімді өз бетінше ізденуіне, ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосу қажет. Мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Мектеп-еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы-ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде.

Шын мәнінде, мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.

Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды. Оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды өмірде, яғни орынды жерде қолдана білуі – ХХІ ғасырда талап ететін дағды. Сондықтан мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, көптеген педагогикалық тәсілдерді қалай және қай жағдайда қолдану қажеттілігі туралы білім қажет. Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне, жүргізілген зерттеулердің бағытына, топтық жұмыстарға, өздігінен жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты. Сонымен қатар, білім беру стратегияларды әрбір оқушыға ұсынылатын кері байланысты естен шығармау тиіс және әр оқушыны оқуға ынталандыру, оның көңіл-күйін, мектептен тыс өмірі туралы білуі тиіс. Тағы да маңызды мәселенің бірі – мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән бойынша және мазмұндас пән бойынша бір ұйымның ішінде немесе басқа ұйымдардың өкілдерімен ынтымақтастық орната білулері керек. Мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде меңгеруге тиіс. Өз жұмысынан сабақ алу үшін өз тәжірибесіне қатысты рефлексия жасауға, ой толғауға міндетті.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сынып пәндерінде критериалды бағалау жүйесін түсіну, қолдану, оны іске асыру үшін қажетті дағдыларды мұғалім шеберлігінде қалыптастырып, жетілдіру қажет. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап, зерттей білуді талап етеді.

Сабақ жоспарын құру кезінде біз үш мақсатты қойып жүрдік : білімділік, дамытушылық және тәрбиелік. Мен оларды өз атынан жалпылама жаздым. Мысалы: «Ауа райы деген не?» дүниетану пәні бойынша мен бұрын осындай мақсаттарды қояр едім: «Балаларға ауа-райы жалпы түсінік беріп, оның шартты белгілермен таныстыру; өзіндік бақылаулар мен байқау нәтижелеріне, тәжірибелік жұмыстарға сүйене отырып талдау жасауға үйрету; байқампаздың қабілетін дамыту». Сабақ талдаған кезде «мұғалім қойылған мақсатқа жетті» деп баға беретінміз. Бірақ оқушылар қалай үйренгенін білмедік, нәтижелері өлшемді болмады, кері байланыс болмаған. Және кез келген тапсырмаларды бергенде кейде тапсырмалар мақсатқа сай болмады. Ал жаңа бағдарлама бойынша ортақ ұстаным қалыптасуда — білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар де тең дәрежеде маңызды. Замануи тәсілдің ең негізгі ерекшілігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуі. Жаңа бағдарлама бойынша мен сабақ мақсаттарын басқаша қоятын болдым. Алдында көрсеткен сабақтың мақсатын енді былай жазатын болдым:
Барлық оқушылар: Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтап, түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: Жыл мезгілдеріне байланысты табиғатта болатын құбылыстарды және шартты белгілерін біледі. Бақылау жүргізеді.
Кейбір оқушылар: Қазақи болжамдарға сүйеніп, ауа райын анықтайды.
Бұл мақсаттар оқушылардың шын мүмкіндіктеріне сай және оқу нәтижелерін анық көрсете алады. Олар өздерінің не білетінін және білмейтінін, нені біле алатынын және біле алмайтыны анық. Бұл мақсат бойынша оқушылар табиғатта болған өзгерістерді айта алады және қолдана алады. Мысалы ауа райына байланысты және жыл мезгіліне байланысты киінеді. Үлкен адамдардан естіген халық болжамдарды біледі немесе біліп келеді.
Және тағы бір маңызды шарт – тапсырмалар, яғни сабақтағы іс-әрекеттер мақсатқа негізде

Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері қарастырылады: қарым- қатынас жасау дағдылары, белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу. Осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері- оқушылардың алдынғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді. Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде педагогикалық тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген. Мысалы, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым, қарым- қатынас жаттығулары, проблеманы шешу, жеке және топтық жұмыс, дәлелдеуге ынталандыру, бірлескен жұмыс және тағы басқа тәсілдер қолдануға болады. Барлық пәндер үшін маңызды қарым- қатынас дағдылары. Онын ішінде, оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым.

Жоғарыда айтылған тәсілдер бойынша, білім алушылардың жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Оқушылардың пән бойынша екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Бұл бағалау бойынша оқушы және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге сөзсіз болады. Нақты нұсқаулық бергенде бала не істеуге, қалай істеуге болатынды біледі.

Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Сондықтан ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Әдебиеттер тізімі
1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық «Критериалды бағалау жүйесі» 8-11-бет.
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Бастауыш сыныпта қолданылатын педагогикалық тәсілдер» , 6-8-бет, 21-бет.
3. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. «Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары» 12-14-бет.
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту мен оқутыдағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?» 5-7-бет.
5. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары: оқу әдістемелік құрал – 2000ж.
6. Әлімов А.Қ., Қосанов Б.М.,Базарбекова Р.Ж. Бастауыш сынып мұғалімдеріне: Интербелсенді әдістеме – Алматы 2010ж.

Саурбаева Светлана Сайлаубековна, учитель начальных классов, Дайындыкская основная школа, с. Дайындык, Аккайынский район, Северо Казахстанская область