ДОМБЫРА ӨНЕРІ

Көшпелі қазақ халқы сан ғасырлар бойы,өздерінің тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты,өнердің соған сай,лайықты түрлерін рухани азық етті.Қазақтардың музыка өнерінде,дәуіріне сай,төл жазуы болмаса да,дәстүрлі сан алуан аспаптары болған.Сондай аспаптардың ең көнесі-қазақтың қара домбырасы
Домбыра-ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан,оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі.Домбыранын сиқырлы да сүйкімді ырғақтарымен,тербелісті тебіреністерімен
адамды дүние сырын түсінуге,сұлулықты сезінуіне жетелеп,жан рахатына бөлейтіндігінде.Домбыраның ерекшелігі көңілді ырғағымен өмірге қызықтырса,құлшындыра түссе,мұңды сазымен бір сәтке өткенді ойына оралтып,толғандыратындығында. Ғасырлар бойы жазылған тарихи,көтерген жүгі,атқарған қызметі,қалыптасқан әрқилы мектептері,орындаушылық үрдісі-оның сан алуан әдістері бар.Кәсіби өнер керуені басталған сонау жылдарда әр аймақ домбырасы,күйшілік мектептері бір-бірінен оқшау тұрғаны мәлім.Батыстың төкпе күйін төгілткен майталмандар шығыстың сыршылдығын жүректерімен сезіп,құлақ құнықты болса да бірден орындай қоймады,лирикалық ортаның сырбаз серілері де лезде домбырасын атойлатпаған сыңайлы.Бір орталыққа жинақтап,алғаш домбырашылар ансамблі кәсіби білімнің аясында аймақ аралық ерекшеліктерді сақтай отырып,күй өнерін даму арнасындағы сара жолға салды.Домбырашы үшін негізгі күйшілік өнер,оның қы𬬬-сырлары “Орындаушылық тарихы” , “ Күйші шеберлігі”, “ Суырып салма” қасиеттері. Бірақ қаншалықты дүлдүл домбырашы болсада ұстаздық жұмыс әрбір орындаушының өмірлік кәсібі. Сондықтан да бұл салада бар мүмкіндікті пайдалану,меңгеру түбегейлі міндет.Осы орайда ‘Домбыра үйрету әдісі’ пәні маңызды орынға ие.Домбыра өнері сұранысының , үйрету бағыттарының, сұраныстың әр қилы болуына байланысты үш тиімді арнада қарастырылды.
1.Домбыраны сан жүйесімен үйрету.
2. ¬Құйма-құлақ –бұл дәстүрлі күй үйрету мектебі.
3.Кәсіби, нота cауаты.
Нотамен үйрету- бұл кәсіби жүйе үшін міндет. Ұлттық байлығымыз,өнеріміз әрқашан биікте тұруы керек. Ұлттық рух халықтық өнерде.Ұлттық діл домбырада. Домбыра мен күйде қазақ ұлт болып жаралғаннан бергі тап- таза,тұнық ғұмыр мен ғажайыптар бар. Өнерге деген мемлекет тарапынан қолдау қарымды болған сайын халықтын құштарлығы , сүйіспеншілігі , талпынысы артты.Жалпы діл,тіл қақында сөз қозғағанда-осынау бір қасиетті ұғымнын нағыз негізі,салалы арнасы діңгегі ,түбірі домбырада деп ойлаймын.Мен өз тәжірибемде домбыраны үйренуге ниет білдіріп , музыкалық мектепте оқимын деп келген кішкентай жас шәкірттерге білім беремін.Домбыра атты асыл қазыналық мұрамыздың шығу тарихынан бастап жеңілден күрделіге көшу принціпін ұстана отырып , жаттығу жұмыстары , этюд, пьессаларды үйрене келіп күй тартуға машықтандырамын.Сөзімді ұлы сазгер ақын Абай атамыздың ;
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға .
Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,-
деген ұлағатты сөздерімен аяқтай келіп, өз қазақ халқының ұлттық өнерін жалғастыратын, домбыра мен домбырадан шыққан қасиетті күй сырларын еліне ,халқына, халқының болашағына паш ететін өнерпаз шәкірттерді тәрбиелеп жатырмын .Соның дәлелі ретінде сіздердің назарлырыңызға домбырашылар ансамблі Назқоңырдың орындауында халық күйі Келіншекті тындауларыңызды сұраймын.

Сейлханова Саягул Сейткаримкызы, преподаватель по классу домбры, ДМШ №2, г. Темиртау, Карагандинская область