XXI–ҒАСЫР АТА-АНАСЫ ҚАНДАЙ

Мақсаты: Қазіргі заман ата- анасы мен бала арасындағы қарым — қатынас ерекшеліктерін ашу. Жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата- ананың мәдени деңгейін көтеруге ықпал ету.

Міндеті: Жаңа заман балаларына психологиялық мінездеме беріп,олардың әуестенетін қызығатын әлемі мен таныстыру. Жаhандану заманында ата- ана мен баланың қарым- қатынасындағы мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын табу. Бала мен ата- ана арасындағы қарым- қатынасты қайта қарастырып, ата- ананың мәдени деңгейін көтеру.

Құрал жабдық: Компьютер,экран, проектор, презентация слаид, кепілдеме парағы, маркерлер, бояу қарындаштар,ақ қағаздар, түрлі-түсті жұдызшалар шыны ыдыс.

Күтілетін нәтиже:
1. Ата- ана осы мәселе бойынша ақпараттандырылады.
2. Шығармашылық жұмыс арқылы XXI –ғасыр ата- анасына сипаттама береді
Топқа бөлу (сандар арқылы) 1,2,3,4
1. « Қазіргі заман ата- анасы қандай…. ?»
2. Ата анаға кепілдеме құрастыру

Жиналыс барысы:

I. Ұйымдастыру кезең
Жиналыстың мақсаты және міндетімен таныстыру.

II. Слайд:
Біздің баламыз ол біздің қарттық шағымыз. Дұрыс тәрбие ол біздің бақытты қарттығымыз. Қате тәрбие ол біздің болашақ қайғымыз,көз жасымыз, ол біздің басқа адамдар алдындағы кінәміз, мемлекет алдындағы кінәміз. А.С.Макаренко
Құрметті ата – аналар бала біздің болашағымыз. Тек бала адамзаттың тұқым жалғастырушысы,тірегі,сенімі.
Баланың жан дүниесін мына үлкен тостағанға ұқсатуға болады.
-Балаңыздың қандай болуын қалайсыз?
-Қандай мінез құлық көргіңіз келеді?
— Қандай адами қасиеттерді дарытқыңыз келеді?
-Өзіңізден қандай қасиеттерді алғанын қалайсыз?
Әр қайсыңыздың алдыңызда жүрекшелер жатыр, соған балаңызда қандай қасиеттер болса дейсіз, өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт. Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер. Енді міне қараңыз, бала жанының қандай әсем әдемі болып жанданғанын көрдіңіз бе? Ал енді осындай жан дүниесі жарқын әдемі сұлу,баланың қасында жүрген үлкендеріміз қандай болуы қажет? Слайд :
Ата ананың ең бастапқы жіберетін қателігі – ол алдымен өзін тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеуінде. Л.Н.Толстой
Ендеше құрметті ата аналар бүгіннен бастап жаңаша тәрбиелеуді бастамас бұрын, ең алдымен өзіміздің бойымыздағы жаман деген бір қасиетті, не қатемізді қағазға жазып умаждап тастайық. Өте жақсы.

III. СЕРГІТУ СӘТІ: Орнымыздан тұрып «Атомдар мен молекулалар»атты ойын ойнап сергіп алайық. Көңіл күйлеріңіз қандай? Балалық шақтарыңыз еске түсті ме? \өстіп топқа бөліп алып орындарына отырғызу\\
Құрметті ата аналар қазір жаhандану жаңару заманы, өмір де, адамдар да , білім алу, білім беру бәрі өзгеріп жаңаруда . Қазіргі жаңа заман балаларын жақсы білеміз бе? Олар қандай? Сіздермен XX ғасыр мен XXI ғасыр баласының әлем тануына шағын талдау жасап алайық. Слайд:
Салыстыру аспектісі Кәсіптің аспектісі XX ғасыр баласы Тарих және мәдениет
әлемі Ойын Қиялдау ойдан құрау ойындары Компютерлік ойындар
Кітап Көркем әдебиеттерді оқу Компютерлік кітаптар
Мультфильм Мейірімді тәрбиелі ізгілікті Қаталдық, абстракты мистикалық
Әлеуметтік қарым қатыныстың әлемі. Жанасушылықтың әлемі
қ\қ Құрбылармен қарым қатынас Тең болу \равноправный\ Талғамды
Ата анамен қ\қ Тәртіпті тындаушы Демократикалық
Ұстазбен қ\қ Қадірлеу Теңдік
Таным әлемі Әлем танымы Ойын арқылы өз құрбыларымен жанасу араласу салмақты сапалы қасиеттерімен өз орынын табу Қызметінің жекеленуі Құрдастарымен қ\қ тың тапшылығы ,ештеңеге қарамастан өзінің мендігін орнату
Бір сөзбен қазіргі бала бұрынғы баладан артып кетті ме, не болмаса жаман деп айта алмаймыз, олар әр түрлі, әр заман өзінің ағымымен . Олар қандай болса да, біз оларға жөн көрсетудің жолын табуымыз керек. Ал отбасылық құндылық өзгерді ме? Ендеше, оқушылардан алынған « Қазіргі заман ата- анасы қандай болу керек ?» деген сауалнаманың қорытындысымен танысыңыздар.
1. Ұл немесе қызын түсіне, тындай білетін
2. Өз балаларын сыйлай, қадірлей біліп, өздерімен тең отбасы мүшесі деп санайтын
3. Қамын ойлайтын қолдай білетін қайырымды мейірімді жиі күлімдеп жүретін
4. Қиын сәттерде ақыл кеңес беріп, қолдап, тығырықтан шығу жолын ұрыспай көрсетіп отыратын.
5. Қазіргі заманға сай ата- ана болса \совре\ /ИКТ,музыка,сән,спорт,әр түрлі ынталарымен\
Міне сіздің балаңыз, сіздің осындай болғаныңызды қалайды?
Ендеше қазір сіздер әр топ алдарыңыздағы ақ қағазға ««XXI –ғасыр ата- анасы қандай?»» атты тақырыпта топтық шығармашылық жұмыс жасайсыз, әр топ өз жұмысын қорғайды.

IV. Ата- ананы бала тәрбиелеудегі кепілдемемен таныстыру оқу.
V. «Гүл бейнесіндегі -отбасым» суретті тест ата-аналармен өткізу.
VI. Қорытынды сөз, кепілдеме үлестіру.

Жанпеисова Фарида Токисовна, бастауыш сынып мұғалімі, « №23 ЖОББМ» КММ, Семей қ., Шығыс Қазақстан облысы